Сыйлық

Tezzy-ді сыйға тартыңыз

Бір айға, жарты жылға немесе бір жылға сыйлық сертификаты. Төлейсіз — код пен сілтемені бірден аласыз, оларды сыйлағыңыз келген адамға жібересіз.

Қанша тұрады

Бір ай1 790 ₸
Жарты жыл8 490 ₸
Бір жыл9 990 ₸

Қосымшада сыйлау →

Қалай жұмыс істейді

1

Мерзімін таңдайсыз

Бір ай, жарты жыл немесе бір жыл. Бағасы мен қанша үнемдейтініңіз бірден көрініп тұрады.

2

Kaspi арқылы төлейсіз

Kaspi QR немесе нөмірге шот. Сайтқа тіркелудің қажеті жоқ.

3

Код пен сілтеме аласыз

Қасында басып шығаруға келетін сертификат суреті де болады.

4

Сыйлайсыз

Сілтемені WhatsApp немесе Telegram арқылы жібересіз, қалғанын алушы өзі істейді.

Неге бұл жақсы сыйлық

Заттан пайдалы

Барлық пәннің тесттері, сынақ ҰБТ, қателерді талдау және ЖИ-көмекші — сыйлаған мерзім бойы ашық тұрады.

Өлшемін де, мекенжайын да сұраудың керегі жоқ

Бар істейтініңіз — сілтемені жіберу. Сертификатты алдын ала алып қойып, туған күні тапсыруға болады.

Коды жанбайды

Сертификаттың мерзімі бітпейді: алушы оқуға отырған күні іске қосады.

Нені білген жөн

Сыйлау үшін аккаунт керек пе

Жоқ. Сертификатты тіркелмей-ақ сатып алуға болады — код пен сілтеме төлемнен кейін бірден шығады. Аккаунтқа кіріп алсаңыз, сертификат профиліңізде де сақталады.

Алушыда жазылым бар болса ше

Сыйлық айлары бар мерзімнің үстіне қосылады. Ештеңе жанбайды.

Кодты қайдан іске қосады

Сайттан, сертификаттағы сілтеме арқылы. Содан кейін сайтта да, Tezzy қосымшасында да жұмыс істейді.

Код жоғалып кетсе не істеу керек

Аккаунтқа кіріп сатып алсаңыз — сертификат профиліңізде тұр. Тіркелмей сатып алсаңыз, қолдау қызметі Kaspi чегі арқылы табады.